ЖАПОНИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ТАБЫСТЫ ӨТУІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Республикалық оқу-әдістемелік кеңес басшысының м.а. Әлия Думанқызы Маусымбаева Жапония Үкіметінің «Жапон стиліндегі инженерлік білімнің көмегімен өнеркәсіпте жоғары деңгейдегі адам ресурстарын дамыту» бағдарламасы шеңберінде Миэ университетінде (Жапония) 4 апталық тағылымдама қорытындысы бойынша сертификат алды. Байқауды Жапония елшілігі 4 Азия елдері: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан арасында өткізді. Қазақстаннан 3 қатысушы іріктелді. Бағдарламаның мақсаты Жапонияның практикалық инжинирингтік білім беру, оқыту әдістері, оқу бағдарламасы және өнеркәсіптік, академиялық және мемлекеттік топтар арасындағы ынтымақтастық саласындағы тәжірибесін зерттеу болып табылады.

Әлия Думанқызын табысты тағылымдамамен құттықтаймыз және кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики