«Жайдарман – 2019»


Қазан айының 10 жұлдызында сағат 17:00 «Жастар Әлемі» Жастар Сарайында ҚарМТУ студенттерінің арасынан құрылған топтар арасында «Жайдарман – 2019» ойыны өтті.

Ойынның тақырыбы: «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих». Жалпы сегіз жайдарман топтары іріктеу кезеңінен өтті. Жайдарманшылар «Сәлемдесу» кезеңімен сайысқа түсті. Қазылар алқасының төрайымы Тау-Кен факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Айтпаева Арайлым Рымбековна болып тағайындалды. Қазылар алқасының құрамында шығармашылық даму орталығының маманы Нурашев Аргын Кайыбекұлы, Республикаға танымал жайдарманшылар және университетіміздің түлектері болды. Тартысты ойын нәтижесінде: 1 орын және «Жайдарман — 2019» кубок иегері – «Сарыарқа», 2 орын – «Бірге күлейік», 3 орын – «Адреналин» топтары өзара бөлісті. «Жайдарман — 2019» ойынында «Үздік ойыншы» атану мәртесбесі ТТ-19-1 тобының студенті Қадыров Төлеутайға бұйырды. Ал енді «Үздік әзіл» номинациясын «Көңілді жігіттер» өз қанжығаларына байлады.

 

Без рубрики