Жаңа лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймыз!


Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Қожанов Мұрат Ғалиасқарұлын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ұжымы атынан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Цифрландыру және инновациялар институтының директоры лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбек жолын ҚарТУ-да кафедра зертханасының меңгерушісі болып бастаған Мұрат Ғалиасқарұлы кейін электрондық білім беру технологиялары ғылыми-зерттеу институтының директоры, цифрландыру басқармасының басшысы, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми жарияланымдардың авторы, бірқатар ақпараттық жүйелерге авторлық куәліктердің иегері. Ғылыми жарияланымдардың авторы, бірқатар ақпараттық жүйелерге авторлық куәліктердің иегері. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» атағының иегері. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі. Мұрат Ғалиасқарұлын жаңа қызметімен құттықтап, еңбек жолында табыс, зор денсаулық және алға қойған мақсаттарына жетуін тілейміз!

Без рубрики