⚜️2025 жылдың 19 ақпанында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Инновациялық технологиялар колледжінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұранымен Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті.
📍Бұл іс-шара Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковнаның бастамасымен ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын дәріптеуге арналған маңызды оқиға болды.
Мерекеге келген қонақтар:
✨ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Сагинтаева Сауле Саветовна;
✨ Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы;
✨ Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Ерниязова Айсулу Алимжановна;
✨ Қарағанды облысының білім басқармасы бастығының орынбасары Шалабаева Алма Кабыкеновна;
✨Қарағанды облысы білім беру саласын дамыту оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна;
✨ Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандартизация кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Юрченко Василий Викторович;
✨«Қарағанды Энергоцентр» АҚ оқыту және дамыту бойынша жетекші маманы Силищева Светлана Юрьевна;
✨«KAZPROM ENGINEERING» АҚ персоналмен жұмыс менеджері Павлова Марина Александровна;
✨«Макеr (Мэйкер)» зауытының өндірістік бөлімінің бастығы Абеков Улан Ерланович;
✨«Қарағанды турбомеханикалық зауыты» техникалық бөлімнің жетекшісі Микенова Айгуль Картбаевна;
✨«Қарағанды турбомеханикалық зауыты» техникалық бақылау бөлімінің меңгерушісі Ховинталь Юлия Александровна;
✨«AsiArt» компаниясының HR менеджері Пальмина Дарья Николаевна;
✨«Укспроект-2006» жобалар тобының бас сәулетшісі Ремм Данил Юрьевич.
🏵️Мерекелік бағдарламада музыкалық және би нөмірлері, сондай-ақ білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшыларынан құттықтаулар болды.
🧑🔬👷🧑🏭🧑🔧🧑🚒 Іс-шара барысында студенттеріміз өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсеткен арнайы мамандықтар дефилесі болды. Біз әрбір студентімізбен мақтанамыз және бұл жыл олардың жаңа жетістіктерге ынталандыратынына сенеміз!