Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнаның докторлық диссертация қорғау туралы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнаның 6D071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша «Тау-кен жабдығындағы асинхронды реттелетін және реттелмейтін электржетегінің жанама түрде жылудан қорғау жүйесін жасау» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасында орындалған.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі-орыс.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Брейдо Иосиф Вульфович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі.
  2. Семыкина Ирина Юрьевна — техника ғылымдарының докторы, доцент, Севастополь мемлекеттік университетінің энергия көздерін жаңарту және электрлік жүйелер мен желілер кафедрасының профессоры (Севастополь қаласы, РФ).

Рецензенттер:

  1. Сивякова Галина Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (Теміртау қаласы).
  2. Мустафин Марат Аскарович – техника ғылымдарының докторы, Алматы энергетика және байланыс университетінің электр жетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру кафедрасының профессоры (Алматы қаласы).

Докторлық диссертацияны қорғау 2019 жылғы 20 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 212 дәрісхана.

Сайт адресі: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/

e-mail: g_sahitovna@mail.ru

 

Без рубрики