Өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту


Ағымдағы аптада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасына «KARLSKRONA LC AB» ЖШС өкілдері, қызметкерлер бойынша директор Санжар Жораев және техникалық директор Асқар Ажаев келді.

Сапардың мақсаты — компанияда жұмыс істеу үшін кафедра түлектерін тарту.  Компания Қазақстан нарығында 2003 жылдан бастап жұмыс істейді және сорғы, электр техникалық және стандартты емес жабдықтардың, сондай-ақ бекітпе-реттеуші арматураның кең номенклатурасын дайындаумен айналысады.

«KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында кеңселері бар және Қазақстанның бүкіл аумағын ғана емес, сонымен қатар көршілес елдерді (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан) қамтитын кең серіктестік желісі бар.

Компания өкілдері кафедра түлектерімен кездесу өткізіп, дипломдық жұмыстарды қорғауға қатысты.

Болашақта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС мәселесі бойынша дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды орындау болжанып отыр. Осының барлығы университеттің ірі жұмыс беруші кәсіпорынмен өзара тиімді ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Без рубрики