Заманауи өндірістері үшін жоғары білікті мамандарды бірлесіп дайындау


Қазақстан Республикасының заманауи өндірістері үшін жоғары білікті мамандарды дайындау, оқыту процесінде жоғарғы оқу орындары мен профильді кәсіпорындардың біріге отырып қатысуын талап етеді.

Осы мақсатпен 30.01.2015ж. «Машинажасау технологиясы» кафедрасының мұғалімдер ұжымы: кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Шеров К.Т., э.ғ.д., профессор Сихимбаев М.Р., аға оқытушылар Бийжанов С.К., Нуржанова О.А. және инженер Ракишев А.К., «КазИнМетр» АҚ ҚФ зауытында болып, зауыт директоры және жетекші мамандар қатысуымен өткізілген техникалық кеңесте қатысты.

Зауытқа бару барысында 6М073200-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6М075000-Метрология, 6М071200-Машинажасау мамандықтары бойынша магистранттарды біріге отырып даярлау бойынша келісім шартқа қол жеткізілді.

Сонымен қатар «Машинажасау технологиясы» кафедрасының мұғалімдер ұжымы «НаЦЭкС» АҚ ҚФ базасында орналасқан кафедра филиалының жағдайымен кеңінен танысты.

Кафедра филиалының қызметін кеңейту, яғни 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)» мамандығының элективті пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізу мүмкіндігі қарастырылды.

Без рубрики