Әз-Наурыз-2022


Университетімізде Наурыз мерекесіне орай «Әз-Наурыз» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара бірнеше сайыстан тұрды: спорт сайысында «Студенттер үйі»,  «Армандастар ордасы» мен  «№3 жатақхана» ұлдары кір тасын көтеру, арқан тарту, аударыспақ сынды спорт түрлерінен сайысқа түсіп, «Студенттер үйі» жатақханасы жүлделі 1-орынды, «№3 жатақхана» 2-орынды, «Армандастар ордасы» 3-орынды иеленді; салт-дәстүрлер сайысында студенттеріміз грузин, ауған  халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, биін, асханасын көрсету бойынша сайысқа түсті. Жалпы іс-шара қорытындысы бойынша «Студенттер үйі» жатақханасы жүлделі 1-орынды, «№3 жатақхана» 2-орынды, «Армандастар ордасы» 3-орынды иеленді.

Без рубрики