«Қытай тілі көпірі» әлемдік байқауының өңірлік кезеңі өтті


4 сәуір күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Конфуций институтында «Қытай тілі көпірі» атты әлемдік байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Сайыстың талабы бойынша үміткерлер Қытай елінің мәдениетін, тілін, дәстүрін қаншалықты білетіндерін көрсетіп, білімдерін сынады. Байқауға балалар, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Әр қатысушы тек тілдік қабілетін ғана емес, шығармашылық мүмкіндіктерін, сенімділігін және Қытайға деген шынайы қызығушылығын көрсете білді.

Байқау бірнеше жас санаттары бойынша өткізілді, әр санаттың өз тақырыбы болды:

  • Кіші мектеп жасындағы оқушылар (6-12 жас) – «Көңілді қытай тілі»
  • Орта мектеп оқушылары (13-17 жас) – «Қытай тілімен биікке ұшу»
  • Студенттер – «Бір әлем, бір отбасы»

Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, берілген тақырыптар бойынша сөз сөйлеу және шығармашылық нөмірлер дайындады, мұнда олар өз таланттарын және даралығын көрсете алды. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Кіші мектеп жасындағы оқушылар:

  • 1 орын – Дария Слюнченко
  • 2 орын – Марк Ратушняк
  • 3 орын – Арина Пичугина

Орта мектеп оқушылары:

  • 1 орын – Алина Аманжолова
  • 2 орын – Ева Кузнецова
  • 3 орын – Алексей Бочарников

Студенттер:

  • 1 орын – Жандос Ахмет
  • 2 орын – Айым Боранбаева
  • 3 орын – Тумар Хамитова

Бұл байқау тек жарыс қана емес, тәжірибе бөлісіп, шабыт алуға арналған пайдалы алаң болды. Мұндай шаралар халықаралық түсіністікті нығайтуға септігін тигізіп, жастарға өздерін жаһандық әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Жеңімпаздар Қарағанды өңірін республикалық кезеңде, Ақтөбе қаласында өтетін байқауда таныстырады. Оларға сенім, шабыт және жеңіс тілейміз!

Без рубрики