Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Ресейдің Ұлттық ядролық зерттеу университеті МИФИ және Exeter университетімен (University of Exeter) арасында білім және ғылым саласында өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Бұл іс-шара Астанада «Қазақстан – академиялық білім кеңістігі» халықаралық форумының соңғы қорытынды күнінде жүзеге асырылды. Форумға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары, халықаралық сарапшылар, біздің серіктесіміз – Қытайдың University of Electronic Science and Technology университетінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
Құжатқа Қарағанды техникалық университетінің ректоры Сауле Сагинтаева және МИФИ ректоры Владимир Шевченко, Экзетер университеті проректорының орынбасары Стюарт Бирхоп қол қойды.
Меморандум білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы әріптестікті дамыту, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, басқару және жасанды интеллект бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды мақсат етті.
Ынтымақтастық аясында үш университеттің студенттері мен оқытушыларына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр.
Саясат Нұрбек қол қою рәсімінде екі елдің техникалық университеттері арасындағы мұндай серіктестіктің стратегиялық маңызына тоқталып, бұл келісімнің ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.
МИФИ және Қарағанды техникалық университеті арасындағы меморандум Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы және ортақ ғылыми-білім беру кеңістігін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
				






