2025 жылғы 3 қазанда Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Д. Мехтиев университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарланған іс-шаралар шеңберінде семинар өткізді.
Іс-шара ғылыми жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды іске асыру шеңберінде ғылыми қызметті жүзеге асыратын университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен өткізілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, академиялық адалдық және талқыланатын тақырып аясында қабылданатын шаралар мәселелері қозғалды.
Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық практикалары сөзсіз жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін және ғылым беделді болып қалуы үшін: нормаларды сақтау, ережелерді нақты сақтау, ашық шешімдер қабылдау және жеке жауапкершілік алу қажет.