Ғылыми коллаборацияны дамыту


Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Томск Ұлттық мемлекеттік зерттеу университетінде (Томск қ., РФ) «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы М.Р. Алиева және осы кафедраның аға зертханашысы О.В. Демец ғылыми тағылымдамадан өтті.

Химия ғылымдарының докторы, ТМУ профессоры А.А. Бакибаевтың ғылыми жетекшілігімен олар функционалдық алмастырылған тритерпеноидтар негізінде жаңа фармакологиялық қосылыстар, сондай-ақ антисептикалық қасиеттері бар бетулин негізіндегі биполимерлі үлдірлер алу бойынша зерттеулер жүргізді. Зерттеулерге сонымен қатар ТМУ органикалық синтез зертханасының меңгерушісі В.С. Малькова және осы зертхананың ғылыми қызметкері М.В. Ляпунова қатысты.

Жақында Ұлудаг университетінің (Бурса қ., Түркия) әлеуметтану және философия кафедрасында ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Н.Ж. Сәрсенбековтың ғылыми тағылымдамасы сәтті аяқталды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар шеңберіндегі бірлескен ғылыми зерттеулері ғылыми коллаборация мен интернационалдандыруды дамытуға ықпал етеді.

Без рубрики