Ғылыми кеңес аясында үздіктер марапатталды


18 қараша күні «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева университет қызметкерлері мен студенттеріне түрлі сала бойынша марапаттар табыстады.

ҚР Ұлттық валюта – теңге күніне және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасымен Калкаш Адыканова, Динара Омарова, Ольга Крючек марапатталды.

Республика күніне орай Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Облыстық студенттік бал өтті. Байқау нәтижесінде 1-орынды 150 000 теңге көлеміндегі жүлдемен Абилхамитов Нуртуған мен Даулетбаева Адель иеленді. Ал 2-орынды 125 000 теңге жүлдемен Саятұлы Темірлан және Баймуратова Дильнара жеңіп алды. Жеңімпаздарға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің марапаттары табысталды.

Университет тарихындағы алғашқы киберспорт турнирінің жеңімпаздары RahatEsports командасы Басқарма Төрағасы-Ректор С.С. Сагинтаеваның Алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз команда енді университет намысын Kazakhstan Esports Student League республикалық студенттер лигасында қорғайтын болады.

Қарағанды қаласында өткен облыстық «Qaragandy Stud Fest 2025» фестивалінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері бірнеше номинация бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Жеңімпаздар:

  • «Заманауи хореография» – «Жас Орда», 3-орын
  • «Конферансье» – Гержик Владимир, Бопежанова Еркежан, 2-орын
  • «Үздік инструменталдық нөмір» – Кәкім Арман, 1-орын
  • «Халық хореографиясы» – «Гәкку» ансамблі, 3-орын
  • «Үздік студенттік ұйым» – «Жас Орда», 1-орын

Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева барша жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктері университет беделін арттыра түскенін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздің ғылымы мен жоғары білімі саласындағы жемісті әрі кәсіби еңбегі, сондай-ақ жоғары біліктілігі үшін «Экономика, қаржы және бухгалтерлік есепті басқару» департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Барлық марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Без рубрики