Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде КеАҚ Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Жиын басында Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева университет қызметкерлері мен студенттерінің қараша айындағы түрлі сала бойынша жетістіктеріне тоқталып, марапаттарды табыстады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасымен 25-қараша ҚР корпоративтік хатшылар күніне орай білім беру ұйымындағы корпоративтік басқару үдерістерін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және жауапкершілікпен атқарған еңбегі үшін Анжела Жижите марапатталды. Сонымен қатар, министрдің Алғысы білім беру ұйымындағы корпоративтік басқаруды жетілдіруге қосқан үлесі, өз ісіне деген адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін Татьяна Абишеваға берілді.
1-14 қараша аралығында Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өткен джиу-джитсудан Әлем чемпионатында АиУ-23-2 тобының студенті Сағындық Асылмұрат «кимоносыз күрес (No-Gi)» категориясында 1-орын алып, әлем чемпионы атанып, «кимономен күрес (Gi)» категориясында 3-орын иеленді. С-23-1 тобының студенті Алматай Жігер «кимономен күрес (Gi)» категориясында 77 кг салмақ дәрежесінде 1-орын алып, әлем чемпионы атанды.
17-21 қараша аралығында Астана қаласында еліміздегі ЖОО-ның құрама командалары арасында футзалдан «University league» ҚР чемпионатында STU командасы 2-ші орынға ие болды. Сондай-ақ «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Нариман Тохтаганы, «Үздік бапкер» номинациясымен ДТ кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Окасов марапатталды.
21 қарашада БАӘ Эр-Рияд қаласында джиу-джитсудан V Исламдық ынтымақтастық ойындарында 77 кг салмақ дәрежесінде университет студенті Алматай Жігер әлем чемпионы атағын иеленді.
«Light Engineering» ЖШС-нің өндірістік міндеттерін шешуге арналған хакатонда «Жарықтандыру тіректерін өндіруге арналған инженерлік шешімдер» тақырыбында жоғары техникалық дайындық пен креативті көзқарасты көрсеткен ең үздік инженерлік шешімді әзірлегені үшін Жандарбек Орынбеков, Жәнібек Кулжанов, Сәкен Ермекұлы, Дархан Зейнулла дипломдармен марапатталды. STU командасы сондай-ақ 500 000 мың тг сертификатымен марапатталды.
Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева марапат иелерін жетістіктерімен құттықтап, университеттің мәртебесін одан әрі асқақтататынына сенім білдіріп, алда жаңа жеңістер мен биік белестер тіледі.

















