Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылғы 21-22 мамырда өтетін «Ғылым, инновация, құрылыстағы техникалық реттеу және инжиниринг: цифрлық және зияткерлік технологиялар, жай-күйі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция гибридтік форматта өтеді: офлайн және онлайн. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 17 сәуірге дейін өтініш, баяндама тезистерді және/немесе мақалаңызды мына электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: kazmirr@mail.ru.
Конференция қорытындысы бойынша конференцияның еңбектер жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияға қатысу және баяндама тезистерін мен мақалаларды жариялау (электрондық нұсқа) ТЕГІН.
Конференция өтетін орын және Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.
Байланыс деректері: Ғылыми хатшы, ҚазКҚДИ институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Хабидолда Омирхан, ұялы телефон: +7 701 582 7549.
Хатшы, ҚазКҚДИ институтының кіші ғылыми қызметкері Шакирова Жангүл, телефон: 8(7212) 56-52-03, ұялы телефон: +7 700 128 32 83, эл. почта: kazmirr@mail.ru.
Толық ақпаратты көрсетілген сайттан да ала аласыздар kazmirr.kz/sitrec
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ