Ғылым


 

Кафедраның ғылыми тақырыптарындағы өзекті мәселе техникалық жоғарғы оқу орындарында шетел тілдерін оқыту әдістемесінің маңызды проблемаларын оқу процесінде қолдану болып табылады.Кафедраның профессорлық-оқытушылар ұжымы мынадай бағытта жұмыс істеуде: «Болон процесі аясында техникалық мамандықтар бойынша студенттерге шетел тілдерін оқыту». Кафедраның  ғылыми  тақырыптары  мынадай:

1.      Техникалық  жоғарғы  оқу  орындарында  көп  тілді  білім  беру

2.      Шетел  тілін  сатылап  оқыту

3.      Шетел  тілінде  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастырудың  төрт  түрі  бойынша  оқыту

4.      Шетел  тілін  оқытуда  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  қолдану

Ғылыми жұмыстар

Кафедраның 2014- 2015 оқу жылына арналған іс- шаралары

• Қазақстандағы рейтингтік журналдар мен шетел басылымдарында ғылыми мақалалар басып шығару;

• халықаралық конференцияларға белсене қатысу;

• электрондық оқу басылымдарына 3 зияткерлік күәлігін алу;

• алыс және жақын шетелдің өкілдерімен ғылыми семинар- тренингтер өткізу;

• кафедраның профессорлық- оқытушылар ұжымы JFDP, Fulbright, Humphrey Fellowshi халықаралық бағдарламалары мен АҚШ және Европаның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін және Erasmus Mundus шәкіртақысын иеленуге қатысу;

• М.Әуезов пен Ы. Алтынсарин атындағы жүлденің иегері атануға бағытталған конкурстық бағдарламаға қатысу.

Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары «Компьютерлік лингводидактика принциптері негізінде техникалық жоғары оқу орнында шетел тілдерін оқыту жүйесінің заманауи талаптарға сай ғылыми-техникалық негізімен» және «Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орындарында мамандарға тілдік білім берудің инновациялық ғылыми-әдістемелік технологиясын құрастыру» атты тақырыптарғағылыми зерттеу жобаларын Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігіне дайындады.

П.ғ.к., доцент  Д.Д.Жантасова  ҚР БҒМ грант бойынша ««Компьютер тілдидактикасының қағидасы негiзiнде техникалық ЖООдағы жоғарғы шет тiлдегi бiлiм жүйесiнiң жаңғыртуының ғылыми-теориялық негiздерiн өңдеу»» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысына қатысады. Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгiнiң ғылыми жобаларының грант қаржыландыруына жарыс шеңберiнде Қарағанды Мемлекеттiк Техникалық Университетi, шет тiлдерi кафедрасына тiл бiлiмнiң төңiрегiдегi ғылыми зерттеулерiнiң iске асыруына грантты жеңіп алды.  Кафедра бойынша ғылыми зерттеулердi қаржыландырудың ортақ көлемi 20 миллион теңгені құрайды.

 

Студенттердің ғылыми жұмыстары

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның ҒЗЖ жұмысының жоспарына сәйкес іске асырылады. СҒЗЖ жұмысы екі бағытта жүргізіледі: оқу зерттеу мен ғылыми зерттеу жұмыстары.

ҒЗЖ жұмыстарын ұйымдастырудың үйірмелік формасы кафедрада «Lingua Discovery» студенттердің ғылыми клубы жұмыс істейді.

Клубқа ШТ кафедрасының оқытушысы, филология магистры Бейсханова С.А. жетекшілік етеді.

Клубтың негізгі мақсаты:

  • Кафедраның ҒЗЖ жұмысына қызығушылық туғызу
  • Студенттерді ғылыми-техникалық әдебиетттермен (іздеу, таңдау, сұрыптау, талдау) жұмыс істей алуға үйрету
  • Шетел тілінде ойлай алу, өз пікірлерін айта алу, пікірталастарға қатыса алу, кәсіби тақырыптар бойынша мінбеде сөйлей алу дағдыларын қалыптастыру.

 

Бірінші курс студенттері кафедра оқытушыларының жетекшілігімен 4 ғылыми тақырып бойынша баяндамалар жасады:

1.       Көп тілдік білім беру

2.       Шетел тілін сатылап оқыту

3.       Шетел тілін оқытуда тілдік білім берудің 4 түрін пайдалана алу

4.       Шетел тілін оқытуда ақпаратық технологияны қолдану.

Кафедрада  мына  төмендегі  мәселелер  бойынша  ғылыми- әдістемелік   семинар  жұмыс  істейді:

1. көп  тілдік  аясында   техникалық  мамандық  алып  жатқан  студенттердің кәсіби  коммуникативтік  компетенциясын  қалыптастырудың  лингвистикалық  негіздері

2. шетел  тілін  оқытудың  бағдарламалық  қамтылуының  талдануы

3. ауызша  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастырудың  төрт  түрі  бойынша  оқыту әдістемесі

4. техникалық  білім  алып  жатқан  студенттерді   шетел  тіліне  сатылы  оқытудың  моделін  дайындау

5. көп  тілдік  білім  беру  аясында  техникалық  мамандық  алып  жатқан  болашақ  мамандар  дайындаудың  дидактикалық  принциптері

6. оқу  процесінде  шетел  тілдерін  оқытудың  бағдарламалық  жүйесін  қолданудың  ерекшеліктері.

Шет тілі кафедрасы бiрiншi-екiншi курстың студенттерінің арасында  ҚарМТУ 60 жасқа толу тойына арналған ғылыми жұмыстардың сайысын өткiзедi. Толық мәлiметпен салынған файлда танысу мүмкін.

Шет тілдер кафедрасы  оқытушыларының басылымдары

Без рубрики