Ғылым


Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы


 

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегідей бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Ғылыми жобалар;

2) Ғылыми конференцияларға қатысу;

3) Ғылыми журналдарда жаряланым;

4) СҒЗЖ (конкурстар, конференциялар, олимпиадалар);

5) Оқытушылардың ғылыми мекеме, ұйымдарда жұмысы (журналдарда және т.б.);

6) Пікір беру.

Ғылыми бағдарламалар мен жобалар бойынша жұмыс 

Кафедра оқытушылары тілдерді деңгейлетіп оқыту бағытында жұмыс істейді. Ғылыми зерттеу жұмыстарының басты бағыттары – қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мәселелері.

Соңғы жылдары кафедра ұжымы гранттық қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысып келеді.

2021-2023 жылдар аралығында гранттық қаржыландыру бойынша АР09261117 «Латын графикасында «Qazaq tili» В1, В2 деңгейлеріне арналған web оқулықтарын инновациялық технологиялар арқылы әзірлеу. (Жоғары оқу орнындағы білім беруге арналған)» жобасы орындалды. Жобаның ғылыми жетекшісі –  Ныгметова Н.Т.

Жобаның өзектілігі. Латын графикасында қазақ тілін үйретуді қолға алу – ұлт үшін жасалып жатқан қадам екенін ескере отырып, латын әліпбиіндегі оқулықтар мен оқу құралдарына дайындық жұмыстарын бастау тақырыптың өзектілігін  сипаттайды.

Жобаның мақсаты. Еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі қамтамасыз етілген, латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту басты мақсаттардың бірі болып саналады. Осыған орай, латынграфикалы әліпбиге көшу жұмысын қолдау, қазақ тілін оқытуда инновациялық  технологияларды қолдану тиімділігін көрсету жобаның мақсаты болып табылады.

    Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері.

  1. «Қазақ тілі» пәні бойынша В1, В2 деңгейлеріне арналған https://q-uirenu.kz сайты жасалды.
  2. «Qazaq tili» веб-оқулығы әзірленді және қолданысқа енді.
  3. Веб-оқулық платформасы үшін нәтижелері бар тест модулі жасалды.
  4. Қазақ тілін оқытуға арналған Web платформа әзірленді.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектері

Кафедраның оқытушылар құрамы ғылыми және әдістемелік зерттеулер жүргізеді. Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, халықаралық конференция материалдары жинақтарында жарияланады.

Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік зерттеулері оқу процесіне енгізіледі.

Оқу-әдістемелік және ғылыми семинарлар

Кафедраның оқытушылар құрамы жыл сайын тілдерді оқыту сапасын арттыру мақсатында түрлі семинарлар мен тренингтарға қатысады.

Басты мақсат – тілдерді оқытудағы заманауи білім беру технологияларымен танысу.

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра Түркия елінің Кастамону университетімен халықаралық байланыс орнатты. Осы университеттің PhD докторы Орхан Сөйлемездің қатысуымен  (Orhan SÖYLEMEZ) «Тіл мен әдебиетті оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында (72 сағат) біліктілікті арттыру курсы өтті.

Кафедра меңгерушісі Қ.С. Қалыбекова мен кафедра оқытушысы                        А.Д, Беккулова Кастамону университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдары арасында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша республикалық конкурсына қатысып отырады.

Сонымен қатар, студенттер кафедра оқытушыларының жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.


2016 жылдың 24 қарашасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен  «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері  Қанат Тасыбековтің қатысуымен  “Жағдаяттық қазақ тілі” тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары, колледж және мектеп мұғалімдері қатысты. Семинардың басты мақсаты –қазақ тілін оқытуда тәжірибе алмасу.


Thomson Reuters мәліметтер базасына кіретін Life Science журналына  «Sh.Ualikhanov and theories of mythological school in Russian literal study»  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қалыбекова Қаламқас Сағындықованың мақаласы жарияланды.

 

 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бас ғимаратының акт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, ұлт жанашыры Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған«Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция мақсаты – аса көрнекті мемлекет қайраткерінің елге сіңірген ересен еңбегі, ұлы тұлғаның өмірі мен қоғамдағы алған орны туралы   келелі әңгіме қозғап, оның Елдік туын тұғырынан түсірмей жасаған ерлік істерін үлгі-өнеге етіп, рухани игіліктерді танып білуге, өткен тарихымызды зерделеуге ұмтылдырып, қазақ жастарына патриоттық тәрбие беру.

Жұмабек Тәшенев – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Халқымыздың біртуар ұлының отансүйгіштік, ұлтжандылық, намысшылдық және жүрек жұтқан ерлік үлгісі егемен ел атанып, тәуелсіздік туын желбіреткен тұтастай қазақ еліне, соның ішінде қазіргі қайраткерлер мен санаткерлерге жігер-қуат берері сөзсіз.

Конференцияға:

Т.Қ. Өмірзақов (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚарМТУ-дың құрметті профессоры);

М.Ж. Байғазин (жазушы, тәшеневтанушы);

Б.Т. Әлімжанов (ақын, әдебиет пен өнер зерттеушісі, драматург, мәдениет қайраткері);

С.Ж. Тәшенев, Ф.С. Тәшенева, Л.Б. Абдушкурова (ұрпақтары);

С.Ж. Дүйсен (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты);

Ғ.М. Қарасаев (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор);

М. Алпысбес (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы),

сонымен қатар Қазақстанның қоғамдық ғылым саласындағы танымал ғалымдары мен белгілі саясаткерлері, оқытушылар, магистранттар қатысты.

 

 

Без рубрики