«Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы
Қазіргі кезде кафедрада ғылыми жұмыс жүргізілуде:
1.Тақырып атауы: «Қазақстан Республикасының химиялық қауіпті объектілерінде төтенше жағдайлардың экологиялық зардаптарын болжау». 16.03.2018 жылдың
№ 198 келісімшарты жүзеге асыру үшін негіз болып табылады. Орындау мерзімі- 31 қазан 2020 жыл. Жобаның жалпы сомасы — 24 млн.
Ғылыми жетекшісі — б.ғ.к., доцент Кудрявцев С.С.
Негізгі нәтижелер: Химиялық қауіпті өндірістік объектілерде экологиялық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық және ұлттық нормативтік-құқықтық базаның аналитикалық шолуы өткізілді; Қазақстан Республикасында, жақын және алыс шет елдерде бар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) экологиялық зардаптарын болжау әдістерін талдау, оларды дамыту және практикалық қолдану мүмкіндіктері жүргізілді, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық зардаптарын болжаудың қолданыстағы әдістерінің күшті және әлсіз тұстарын және оларды дамыту және практикалық қолдану мүмкіндіктері анықталды.
Бұл жұмысқа БЖДМ-17 тобының магистранты Матонин В.В.қатысады.
«Интеграция науки, образования и производства – основа реализации Плана нации» (Сагиновские чтения № 10) халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектерінде «Разработка методики оценки экологических рисков для химически опасных объектов Республики Казахстан» атты тезис доклады жарияланды.(Авторлары: Кудрявцев С.С., Емелин П.В., Нургалиева А.Д., Рахимберлина А.А.).
«Мониторинг. Наука и технологии.» ғылыми журналында (№3, 2018 жыл) «К вопросу о внедрении единого подхода к классификации химически опасных объектов в Республике Казахстан» мақаласы жарияланды. (Авторлар: Козлов В.Н. (стор.), Кудрявцев С.С., Цешковская Е.А., Матонин В.В. (БЖДМ-17), Рахимберлина А.А., Емелин П.В. (стор.)).
«Труды Университета» №2, 2018 жылғы журналында «Актуальные вопросы оценки риска на химически опасных объектах пищевой отрасли Республики Казахстан» мақала жарияланды. (Авторлар: Кудрявцев С.С., Емелин П.В. (стор.), Козлов В.Н. (стор.), Нургалиева А.Д., Рахимберлина А.А.).
«Australian Journal of Emergency Management» (Австралия) журналына «The Improvement of Information and Analytical Systems for Hazard Level Assessment and Emergency Risk Forecasting in the Republic of Kazakhstan» атты мақала берілді.
2. Тақырып атауы: «Қызылорда облысының 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін дамыту».
21.05.2018 жылдың №18.19.02 келісімшарты жүзеге асыру үшін негіз болып табылады. Орындау мерзімі- 30 қараша 2020 жыл. Келісім бағасы — 700 мың тг.
Ғылыми жетекші — т.ғ.к., доцент Жолмагамбетов Н.Р.
2018 жылдың 6 қарашадағы Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау кафедрасының профессорлы-оқытушылар құрамының жағдайы бойынша рейтингтік журналдарда (РИНЦ, ККСОН, КазБЦ) 15 мақала жарияланды, 2 монография шығарылды және патенттік табысқа 4 өтініш берілді.
Кафедра бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған ғылыми-зерттеу жұмыс жоспары
2018-2019 оқу жылына арналған студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыс жоспары
2018-2019 оқу жылына арналған Корпоративтік Университет кәсіпорындарымен жұмыс жоспары