«XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы» VII Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция


4 мамыр 2017 ж. ҚарМТУ-дың Бас корпусының Акт залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған «XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы» VII Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Барлық конференция қатысушылары ҚарМТУ ректоры, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатов, Қарағанды облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Ф.П. Ермаков, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Т.Ф. Самойлюк құттықтау сөзбен лебіз білдірді.

 

 

 

 

 

 

Пленарлық отырыста ҰОС ардагерлері: С.Г. Пономарева, В.А. Шелудяков, тыл еңбекері Л.Н. Билык; қалалық ардагерлер Кеңесінің жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмыс бойынша комиссия төрағасы Е.К. Омаров, профессор, ҚарМТУ-дың ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ю.Д. Обухов, Қарағанды облысы мұрағатының директоры Ж.Ж. Тұрсынова баяндама жасады.

Конференция жұмысы үш панелді секция бойынша өтті: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес халқы Жеңісіндегі тыл еңбеккерлерінің және мәдениет қайраткерлерінің үлесі, «Қазақ халқының ерлік бастауы: тарих және қазіргі заман»

«Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы».

Конференция жұмысына Университеттің ПОҚ, ҚарМТУ, ҚММУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері және магистранттары қатысты. Конференцияға қатысушылар қазіргі жастарға Ұлы Отан соғысы қаһармандарының үлгісінде патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихымыздың қаһармандық беттерін оқып білуге жан-жақты жауапкершілікпен қарау, жастарды фашизмге қарсы күресте біздің Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалған барлық қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығын мақтан етуге шақыру туралы қорытындыға келді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері және конференцияның құрметті қонақтары үшін Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Биг Бэнд» джаз ансамблімен мерекелік концерт өткізілді.

Конференция соңында қарар қабылданды, үздік баяндамалар алғыс хаттармен марапатталды.

Без рубрики