«XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы» VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы


5 мамыр 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  «XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы» VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:

1-cекция. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес халқы Жеңісіндегі тыл еңбеккерлерінің және мәдениет қайраткерлерінің үлесі
2-cекция. Қазақ халқының ерлік бастауы: тарих және қазіргі заман
3-cекция. Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы

 

Конференцияның қатысу тілдері: қазақша, орысша.

Осы конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерден 2016 ж. 20 сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасына

ұсынылған үлгі бойынша мәлімдемені;

төменгі талаптарға сай мақала тезистерін рәсімдеу;

төлем туралы түбіртектің көшірмесі.

Конференцияға қатысу мен жинаққа басылуды ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге, ҚарМТУ студенттері үшін 1500 теңге (бір баяндама үшін) «Банк ЦентрКредит» АҚ Қарағандылық филиалындағы ҚарМТУ есеп шотына аудару керек. ИИК KZ638560000000147366, БИК KCJBKZKX, БИН 000240004524.

Төлем тапсырмасында «Төлемнің тағайындалуы» жолында белгі қою: «05.05.2016 конференцияға қатысу үшін» және қатысушының аты-жөнін көрсету керек.

Конференцияға қатысу үшін мәлімет мына мекен-жай бойынша ұсынылады: 100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ

 Жауапты хатшы: Мубаракова Айгерім Құралысқызы  (4 корпус, 206 каб.).

Электрондық адрес (e-mail): niipatriot_kstu@mail.ru

Анықтамалық телефон: (8-7212) 56-51-89; ішкі 2001.

Ақпараттық хат жүктеу

Без рубрики