XIV Республикалық пәндік олимпиада


2022 жылдың 22-23 сәуір айында Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінде «5В073100/6В11201 — тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО студенттері  арасында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Бұл олимпиадаға Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінен БЖД 20-2 студенттері Сәбитов Әділет пен Мейрхан Бекболат қатысты. Олимпиада нәтижесінде студент Мейрхан Бекболат жүлделі 2 орынды иеленді. Жеңімпазды II дәрежелі дипломмен және арнайы сыйлықпен марапаттады.

Без рубрики