Профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында 2019 жылдың 29 қарашасында Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының қызметкерлері полиция департаментінің Көші-қон қызметі қызметкерлерімен бірге ҚарМТУ-да оқитын шетелдік студенттермен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында шетелдік студенттерге Қазақстан Республикасына келген кездегі құқықтар мен міндеттер, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелері түсіндірілді, студенттерге көші-қонды тіркеудің уақыты мен ережелері туралы түсіндірілді.