2020 жылдың 9-10 шілдесінде қолайсыз эпидемиологиялық жағдай кезінде Қарағанды техникалық университеті PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қашықтықтан қорғау режиміне көшті.
Онлайн режимінде «Тау-кен ісі» және «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандықтары бойынша Диссертациялық Кеңестің отырыстарында 6 диссертацияны қорғау сәтті өтті. Сонымен қатар, онлайн режимінде ізденушілердің құжаттарын қорғауға ұсыну ұйымдастырылды.
Отырыстарды өткізудің қашықтағы форматы диссертациялық кеңестің жұмысын шектеу шаралары қолданылған кезеңде тоқтатпауға және кеңес мүшелерінің, ғылыми кеңесшілер мен оппоненттердің, оның ішінде басқа елдердегі мүшелердің қауіпсіз және жедел қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді