University of Electronic Science and Technology of China (UESTC) делегациясының Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне сапары.


18 қазан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қытайдың University of Electronic Science and Technology of China (UESTC) делегациясының ресми сапары өтті.

Іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы 2025 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ұйымдастырылды.

Сапардың негізгі мақсаты — академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау, соның ішінде машина жасау, энергетика, ақпараттық технологиялар және электротехника бағыттарында бірлескен магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру болды.

Кездесуді университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Канапьянов Т.Е. және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының міндетін атқарушы Маударбекова Б.К. жүргізді.

UESTC делегациясының құрамына кіргендер:

Ло Гуаньшунь – вице-президент; Ю Лэ – компьютерлік ғылымдар факультетінің қабылдау комиссиясының жетекшісі; Ли Мэн – аэронавтика және астронавтика факультетінің қабылдау комиссиясының жетекшісі; Лю Тай – базалық және тереңдетілген зерттеулер факультетінің қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары; Жэнь Цзиньшэн – даму, жоспарлау және пән саясаты басқармасы басшысының орынбасары; Ли Ин – халықаралық ынтымақтастық және алмасу жөніндегі директордың орынбасары; Чжан Хуайцзе – кәсіпкер, Қытай бизнесінің өкілі.

Аудармашылық қолдау көрсеткендер: Конфуций институтының директоры Филиппова Т.С. және Конфуций институтының оқытушысы Чжоу Юаньци.

Сапар барысында университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды және университет басшылығымен кездесу өтті.

Тараптар бірлескен магистрлер даярлау бағдарламасын (1+1 Dual Master Degree) іске асыру мәселелерін талқылап, академиялық талаптар мен оқу

мерзімдерін айқындады, сондай-ақ визалық қолдау, жатақханамен қамтамасыз ету және тілдік курстар сияқты ұйымдастырушылық мәселелерді келісті.

Келіссөздердің нәтижесінде тараптар жоғары білім беру, студенттер мен оқытушылар алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

UESTC делегациясының сапары Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің халықаралық байланыстарын нығайтып, Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық әріптестігін кеңейтуге маңызды қадам болды.

Без рубрики