УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛУ


Университеттің еңбек сіңірген қызметкерлерін еске алу үшін ең жақсы аудиторияларда мемориалдық тақталар орнату жақсы дәстүрге айналды. Жақында ғылым кандидаттары, доценттер, ҚР білім беру үздігі, ҚР құрметті құрылысшылары және ЖОО-ның еңбек сіңірген қызметкерлері Кәден Бәриұлы Тоғайбаевқа, Юрий Моисеевич Кимге және Владимир Николаевич Нэменге мемориалдық тақталар 1-ші және 4-ші оқу ғимараттарында орнатылды.

Мемориалдық тақталар факультеттер мен кафедралар ұжымдарының, ЖОО-ның рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңесінің бастамасымен орнатылған, онда олар көптеген жылдар бойы жетекші оқытушылар мен басшылар ретінде еңбек еткен.

60 жылдан астам жемісті өндірістік және ғылыми-педагогикалық қызметтерінде олар университеттің дамуына, қазақстандық индустрия үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға үлкен үлес қосты.

Олар студенттерге патриоттық, еңбек және рухани-адамгершілік тәрбие беру, жас оқытушылардың, кураторлардың кәсіби қалыптасуы үшін көп жұмыс жасады. Себебі, жастар — ел болашағы. Жаңа ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуға тиіс.

2017 жылы университеттің негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, академик Әбілқас Сағынұлы Сағыновтың серіктестері негізін қалаған «Профессорлар аллеясында» «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде К.Б.Тоғайбаев, Ю.М. Ким және В.Н. Нэмен тұрақты даму мен жаңарудың символы ретінде отырғызған тамаша қарағайлар жайқалып өсіп тұр.

Біздің еңбегі сіңіген қызметкерлерімізге мемориалдық тақта орнату — олардың есімдерін оқытушылар мен студенттердің жүрегінде сақтап, университетіміздің негізін қалаушы ардагерлерге құрмет көрсету дәстүрін жалғастыруға қызмет ететініне сенімдімін.

Без рубрики