Университеттің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың базасында «Summer Science School» жазғы ғылыми лагері өтті


Іс-шара 2023 жылғы 5-8 маусым аралығында «Академик Е.А. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 10-сынып оқушылары үшін өткізілді.

«Summer Science School» негізгі идеясы – оқушыларға ғылымның зерттелмеген қырларын көрсету, олардың көкжиегін кеңейту, олардың табиғи қызығушылығы мен ой ұшқырлығын арттыру, ғылым адам қызметінің ажырамас бөлігі екенін көрсету.

Лагерьдің бірінші күнін балалар «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасында өткізді. Жас зерттеушілер кафедраның жетекші ғалымдары орындайтын ҒЗТКЖ-мен танысып, автоматтандыруға кіріспе және «Индустрия 4.0» бойынша дәрістер курсын тыңдады.

Екінші күнді оқушылар «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасында өткізді, онда озық цифрлық технологиялармен, өмірдің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді пайдаланумен, сондай-ақ кафедраның өзекті білім беру бағдарламаларымен танысты. Оқушылар кафедра оқытушылары мен студенттері өткізген дәрістер мен шеберлік сабақтарына қатысып, жасанды интеллект, бағдарламалау, компьютерлік желілер, мәліметтер базасы саласындағы жаңа әзірлемелер туралы білді. Практикалық сабақтарда оқушылар алған білімдерін кафедра ұсынған компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, есептер мен мәселелерді шешуде дербес қолдана алды. Сондай ақ олармен жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып интерактивті ойын өткізілді.

«Summer Science School» жазғы лагерінің үшінші күні құю өндірісі мен нанотехнологияның негіздеріне арналды. Оқушылар «Нанотехнология және металлургия» кафедрасымен таныстырылды. Таныстыру дәрісін кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессор В.Ю.Куликов жүргізді. Күні бойы оқушылар халықаралық материалтану орталығымен танысты, инженерлік бейіндегі сынақ зертханасына барды, онда оларға сынама даярлауды, ыстыққа төзімді материалдар орталығын өткізу ұсынылды және мүсіншелерді құю процесіне белсенді қатысты.

Төртінші күнді жазғы лагерьге қатысушылар инженерлік химия және биоинженерия негіздеріне арнады. «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында олар пәндік аудиториялармен және зертханалармен танысып, дәрістер курсын тыңдап, алғашқы ғылыми тәжірибелер өткізді.

«Summer Science School» жазғы ғылыми лагері университет базасында екінші жыл өткізіліп келеді және өңір мектептерінің оқушыларынағҒылымға алғашқы, өте маңызды қадам жасауға, Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосатын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өзекті ғылыми зерттеулеріне қосылуға көмектесетін ЖОО-ның жаңа жақсы дәстүріне айналды.

Без рубрики