Университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және Мүдделер қақтығысын анықтау реттеу саясаты бекітілді


Университеттің әкімшілігінің, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқы мен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында, жеке мүдделер мен байланыстардың әсерінен басқарушылық және қаржылық-шаруашылық шешімдер қабылдау тәуекелдерін азайту мен нақты және ықтимал мүдделер қақтығыстарын басқарудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында 06.06.2022 ж. университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты бекітілді. Бұл ішкі нормативтік құжаттар университеттің ресми сайтында орналасқан.

Университеттің ПОҚ үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді, онда университет ПОҚ пен қызметкерлері Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясатпен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықпен танысты.

Без рубрики