Университет тарихында алғаш рет «Summer Science School» жазғы лагері іске қосылды


Бұл сынамалы жоба өңір оқушылары үшін ғылымға жасалған үлкен қадам болып табылады. «Summer Science School» лагеріне қатысуға «Академик Е.А. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары бірінші болып ниет білдірді.

Біздің университеттің негізін қалаушы, академик Ә.С. Сағыновқа құрмет көрсете отырып, жас энтузиастар ескерткіштің жанында топтық суретке түсу ниеттерін білдірді.

«Summer Science School» негізгі идеясы – оқушыларға қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші саласы ретінде қазіргі ғылымның зерттелмеген қырларын көрсету, олардың ой-өрісін кеңейту, табиғи қызығушылығын арттыру мүмкіндігі болып табылады.

Лагерьдің бірінші күні Балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Оқушыларды Басқарма мүшесі — ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Н. Хуанган мен кәсіподақ төрағасы Н.А. Алпысбаева құттықтады. Оқушыларға тәтті сыйлық табыс етілді және уақыттарын пайдалы және қызықты өткізуді тіледі.

Осы күні білім алушылар «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасына барып, ондағы сабақтарда робототехника негіздерімен танысты.

Без рубрики