Университет көмекке мұқтаж отандастарға әлеуметтік көмек көрсетеді


Қарағанды техникалық университетінде қолдауға мұқтаж отандастарға әлеуметтік көмек көрсету игі дәстүрлердің бірі болып табылады. ҚарТУ-дің «Ақниет» студенттік қайырымдылық ұйымының және «Жас Орда» жастар қауымдастығының еріктілері, оқытушылар мен қызметкерлер қамқорлыққа алынған балалар үйлеріне, соғыс және еңбек ардагерлеріне, қиын жағдайға тап болған қала тұрғындарына үнемі көмек көрсетеді.

Жақында жоғары оқу орны «Қазақ соқырлар қоғамының» Қарағанды облыстық басқармасына корпустық жиһаз жиынтығын ақысыз тапсырды. Бұған дейін аталған ұйым үшін ҚарТУ-дің «Жас Орда» жастар қауымдастығының еріктілері азық-түлік қоймасында 5 тонна картоптың түсірілуіне көмектескен болатын.

Бүгінде еріктілер қозғалысы, азаматтардың әлеуметтік осал санатын қолдау біздің қоғамымыздың дамуы үшін барған сайын өсіп келе жатқан маңызға ие болып отыр.

Без рубрики