Туған өлке оқиғалары мен тұлғалары


2022 жылдың 11 наурызында Қарағанды техникалық университетінде студенттер арасында Қарағанды облысының 90-жылдық мерейтойына орай «Туған өлке оқиғалары мен тұлғалары»

тың ойларды ортаға салып, пікір жарыстырды.

Дебаттық турнир БТ-20-1, ХТОВ-20-1, ОП-20-1, МЕН-20-1, Марк-20-1, ГМУ-20-1 топтары командаларының қатысуымен, американдық парламенттік формат бойынша өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша 1-ші орынды А.Андамасова, А.Калиева, Ж.Мелс, Е.Ершек, А.Ибрагимова жеңіп алды, 2-ші орынды Ж.Данияр, А.Астабиева, М.Баянов, Д.Мырзахметова, Ж.Байболатов, ал 3-ші орынды Ш.Серік, Т.Ерімбетова,  А.Жумажанов, Н.Нұраханұлы,  А.Нугуманов сынды мықты спикерлер иеленді. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, үздік спикерлер – дипломдармен, команда жаттықтырушылары – алғыс хаттармен марапатталды. Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Дебат өте қызықты және тартымды өтті. Елдің жарқын болашағы білімді ұрпақтан басталары анық. Тағылымы мол бұл ойында жастар бір-бірімен тәжірибе алмасты, шеберліктерін шыңдады, білімдерін тексерді, сыни ойлау, сөз саптау қабілеттерін саралады.

Без рубрики