ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің 1,2 курс студенттері 2017 жыл ақпан айының 13 және 17-сі, 2 күнде ҚарМТУ тарихы туралы көп мәлімет беретін музей ішін аралады. Музей – туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып қастерлеуге тәрбиелейді. Музей Университеттің ірге тасы қаланғаннан бастап қазіргі кезге дейін сыр шертетін экспонаттарға толы. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» деген, сондықтан тарихымызды біліп жүрейік.