Теміртау қаласындағы «Космонавт» демалыс базасында жыл сайынғы «Snow Fest 2022» студенттер активінің қысқы мектебі өткізілді


2022 жылдың 26-27 ақпанында А. Сағынов атындағы ҚарТУ студендеттеріне Теміртау қаласындағы «Космонавт» демалыс базасында жыл сайынғы «Snow Fest 2022» студенттер активінің қысқы мектебі өткізілді.

Іс-шараға 80 студент қатысты. 8 команда өзара зияткерлік, шығармашылық және спорттық конкурстарда жарысты.

Түрлі конкурстарға қатыса отырып, студенттер өздерінің шығармашылық және спорттық әлеуеттері жағынан өздерін танытты, сонымен қатар өз таланттарын көрсетіп, керемет әсер алды.

Көшпелі мектептің соңында барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды, ең көп балл жинаған «Самурай» командасы сыйлық сертификаттарын жеңіп алды.

Іс-шараның стандарттан тыс форматы студенттердің әлеуетін ашуға, кері байланыс алуға және университет пен қоғамның барлық салаларын одан әрі дамыту үшін түрлі ұсыныстарды қарастыруға мүмкіндік бергенін атап өтуге болады.

Без рубрики