Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсынан QarTech эксперттік семинары


29 қазанда QarTech хабы қызметі аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында ұйымдастырылған «Инновациялар және кәсіпкерлік: технологияны нарыққа шығару жолы» атты эксперттік семинар өтті.

Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев кіріспе сөз сөйлеп, академиялық ортада кәсіпкерлік ойлауды дамытудың және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың пәрменді тетіктерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсының президенті Арын Орсариев негізгі спикер болды.

Сонымен қатар эксперттер қатарында «Ғылым қоры» АҚ және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында көпжылдық тәжірибесі бар маман – Мұрат Пернеқұлов та болды.

Семинарға қатысушылар технологиялардың нарықтық әлеуетін бағалаудың, ҒЗТКЖ базасында стартаптар құрудың және инвестициялар тартудың практикалық құралдарымен танысты. Практикалық бөлімде Альянс сарапшыларының жетекшілігімен қатысушылар алған білімдерін өз жобаларына қолдана отырып және жеке ұсыныстар ала отырып, Business Model Canvas әдіснамасы бойынша өздерінің бизнес-модельдерін әзірледі.

Семинар барысында, сондай-ақ, Арын Амангелдіұлы «Зачем растить «Единорогов» атты кітабын таныстырды. Басылым Қазақстандағы инновациялық экожүйе мен стартап-мәдениетті дамытуға арналған.

Семинарға ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен жас стартаперлерден құралған-қа жуық қатысушы жиналды. Іс-шара QarTech өңірдің инновациялық экожүйесін дамыту үшін ғылымды, бизнесті және мемлекетті біріктіру миссиясын растады.

#QarTech #QarTechHub

Без рубрики