«Тау-кен өндіру саласындағы 4.0 инженер: жаһандық стандарттар, құзыреттер, жасанды интеллект»


2026 жылғы 30 қаңтарда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Қызметтер» білім беру бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік – Жобаларды басқару тобының (ОӘБ-ЖБТ) кеңейтілген отырысы өтті.

Қатысушыларға құттықтау сөзбен «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ОӘБ-ЖБТ төрағасы, профессор Б.Р. Нүсіпбеков сөз сөйледі.

Отырыс барысында кадрларды даярлаудың практикалық және стратегиялық аспектілері, оның ішінде, халықаралық білім беру жобаларын іске асыру, жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылының жаңа форматтарын әзірлеу, цифрлық құралдарды меңгеру қажеттілігін ескеру қарастырылды.

Кеңес жұмысына Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қарағанды индустрия университеті, Вильнюс мемлекеттік техникалық университеті, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті мен индустрия өкілдері, оның ішінде «Азимут Геология» АҚ, «ЦентрГеолСъемка» ЖШС, «Шұбаркөлкомир» АҚ, «ҚазПромГеофизика» АҚ, «Орда Group» ЖШС басшылары мен сарапшылары баяндама жасады.

Без рубрики