Ташкент мемлекеттік көлік университетінің ғалымдары Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да семинарлар өткізіп, дәрістер топтамасын оқыды


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ пен Ташкент мемлекеттік көлік университеті (Өзбекстан) арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2022 жылғы желтоқсанның бірінші он күндігінде біздің ЖОО-ға ТашМТУ ғалымдарының өкілді делегациясы жұмыс сапарымен келді. Оның құрамында: т.ғ.д., профессор, жастар ісі және рухани-ағарту жұмысы жөніндегі бірінші проректор Д.Х.Баратов; т.ғ.к., доцент, «Темір жолды пайдалану жұмысын басқару» кафедрасының меңгерушісі С.К.Худайберганов; т.ғ.д., профессор Н.М.Арипов; т.ғ.к., профессор Ш.М. Сүйінбаев болды.

Қонақтар Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.М. Темербаевамен кездесіп, университеттің Инновациялар көрмесімен, ғылыми орталықтарымен және зертханалармен танысты.

Жұмыс сапарының мақсаты университет студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін семинарлар өткізу және дәрістер оқу, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлығының бірлескен бағдарламасы бойынша мәселелерді талқылау болды.

Жұмыс сапарының бағдарламасы толығымен орындалды.

ТашМТУ ғалымдарына көшпелі дәрістер мен семинарлар өткізгені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз және университеттеріміз арасында білім және ғылым саласындағы жемісті халықаралық ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз.

Без рубрики