Ташкент мемлекеттік көлік университетінің ғалымдары Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да семинарлар өткізіп, дәрістер топтамасын оқыды


Ташкент мемлекеттік көлік университеті мен «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес 08.12.2022 ж. — 11.12.2022 ж. аралығында біздің ЖОО-ға ТашМКУ-нің келесі делегациясы келді:

– Баратов Дилшод Хамидуллаұлы – т.ғ.д., профессор, Жастар және рухани-ағарту жұмысы жөніндегі бірінші Проректор;

– Құдайберганов Сакижан Қабылжанұлы – т.ғ.к., доцент, «Теміржол жұмысын басқару және пайдалану» кафедрасының меңгерушісі;

– Арипов Назиржан Мукарамович – т.ғ.д., профессор;

– Сүйінбаев Шинполат Мансуралиевич – т.ғ.к., профессор.

Сапардың мақсаты «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында семинарлар өткізу және дәрістер оқу, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлығының бірлескен бағдарламасы бойынша мәселелерді талқылау болды.

Ташкент мемлекеттік көлік университетінің жоғарыда аталған оқытушыларына дәрістер оқып және семинарлар өткізгендеріне алғысымызды білдіреміз және университеттер арасындағы Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жемісті жалғастырамыз деп үміттенеміз.

Без рубрики