Танк әскерлері – Құрлық әскерлерінің соққы күші!


Танкистер күні – жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін танкистер мен танк жасаушылардың кәсіби мерекесі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды талқандауда бронетанкалық және механикаландырылған әскерлердің үлкен еңбегін атап өтуге, сондай-ақ елдің Қарулы Күштерін бронетанкалық техникамен жарақтандыруда танк жасаушылардың еңбегі үшін 1946 жылдың 11 шілдесіндегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен тағайындалған. 1980 жылға дейін ол 11 қыркүйекте атап өтілді, себебі 1944 жылы Кеңес әскерлері Шығыс-Карпат операциясын өткізу кезінде елеулі табыстарға қол жеткізді. 1980 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен тойлаудың ағымдағы күні белгіленді.

1980 жылы Қарағанды политехникалық институтының әскери кафедрасында танк ротасы командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасары мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау басталады.

1983 жылдан бастап кафедрада орта танк бөлімшелерін жауынгерлік қолдану мамандығы бойынша және техникалық бөлім бойынша танк роталары командирлерінің орынбасарлары запастағы офицерлерді даярлау жүргізіледі.

2002 жылдан бастап кафедра рота командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары және бригаданың бронетанкалық қызметі бастығының электрарнайы жабдығы жөніндегі көмекшісі мамандықтар бойынша запастағы офицерлерді даярлай бастады.

Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасы «танк бөлімшелерін жауынгерлік қолдану» циклінде запастағы офицерлерді келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша дайындайды:

-«танк бөлімшелерін, бронетанктік техниканы жауынгерлік қолдану»;

-«бронетанктік техниканы пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру».

Біздің түлектер-танкистер Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп, майдангер-жауынгерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін еселей түседі.

Осы айтулы күні танкист-жауынгерлерге мықты денсаулық, бақыт және біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін табыс тілеймін!

Мерекелеріңізбен, жауынгер – танкистер!

 

Без рубрики