Тәуелсіз өмірге дайын


2022 жылдың 8 шілдесінде Инженерлік экономика және менеджмент, сонымен қатар Сәулет-құрылыс факультетінің түлектеріне бакалавр дипломдары салтанатты түрде табыс етілді.

Түлектер үшін бұл қызықты және ұмытылмас уақыт болды.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор – Басқарма мүшесі Темербаева А.М. экономика бакалаврларына Басқарма Төрағасы-Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатовтың құттықтау сөзін және жылы лебізін жеткізді.

Түлектерді құттықтап, факультет декандары В.В. Бирюков және М.О. Иманов, э.ғ.д., «Кәсіпорындардың экономикалық менеджменті» кафедрасының профессоры Б.А. Ахметжанов, өткен жылдардағы университет түлектері — ЖБК зауытының директоры В.В. Ли, құрылыс компанияларының жетекші мамандары Т.Р. Ахимов және Д.С. Шоп жылы лебіздерін білдіріп, болашақ мамандарға мұғалімдер мен тәлімгерлерге лайықты болуларына тілек білдірді.

«Серпін» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Ш.А. белсенді түлектер тобына «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры М.К. Ибатовтың алғыс хаттарын табыс етті.

Шығарда жас мамандарды туған-туысқандары құшақ жая күтіп алды, гүл шоқтарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді. Алда оларды өмірдің жаңа кезеңі күтіп тұр. Олардың көңіл-күйіне қарағанда, оған дайын секілді. Әрине дайын, олар республикадан тыс жерде лайықты атаққа ие болған университеттің тәлімінен өтті емес пе, басқаша қалай болады. Сәт сапар!

Без рубрики