Түркиядан – Қазақстанның үздік техникалық ЖОО-на


Ағымдағы айдың басында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ҚР БҒМ 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметке шетелдік ғалымдарды тарту жоспарын бекіту туралы» №155 бұйрығының аясында қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ. С. Қалыбекова және кафедра ұжымы дәрістерді оқу үшін Түркиядан, Кастамону университетінен PhD докторы Орхан Сөйлемез мырзаның келуін ұйымдастырды.

Орхан Сөйлемез «Тіл мен әдебиетті оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Шетелдік ғалымды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.М. Темербаева жеке қабылдап, оған жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Без рубрики