Тәні саудың – жаны сау


Халық даналығы «Тәні саудың – жаны сау» дейді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде осыны ескере отырып, студенттердің дене шынықтыру дайындығына ерекше көңіл бөлінеді.
Мысалы, жастардың жақсы дәстүрге айналған Президенттік тесттерге қатысуын алайық. Биылғы жылы университеттің спорт кешені базасында дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Президенттік тесттерді қабылдауды және дене шынықтыру бойынша ұлттық дайындық деңгейін анықтауды бастады.
Президенттік тесттерді екінші курс толығымен тапсырады. Нормативтерді тапсыру оқу жылы ішінде 4-сатыға – «Шынығуды жетілдеу» («Дене бітімін жетілдіру») жалғасады.

Оларға мыналар жатады:

  • 100 м және 2000 м (қыздар үшін) және 3000 м (ұлдар үшін) жүгіру;
  • орнынан ұзындыққа секіру;
  • белтемірге тартылу (ерлер);
  • шалқасынан жатқан күйде денені көтеру;
  • пневматикалық мылтықтан ату;
  • еңкею (қыздар);
  • кеудені жерден көтеру;
  • 6 минут ішінде жүгіру-жүру.

Дене шынықтыру мен спортқа деген үлкен сүйіспеншілігі жоқ адамдар үшін де Президенттік тестілеуден өту дене пішінін сақтауға мүмкіндік береді, ұзақ уақыт бойы сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Кім біледі, мүмкін осыдан кейін олардың біреуі салауатты өмір салтын жақтаушылар қатарына қосылар.

Без рубрики