«Механика» кафедрасы меңгерушісінің түйіндемесі


«Механика» кафедрасы


Бакиров Мади Жетписбаевич

2002 жылы ҚарМТУ-ды аяқтап, «Автоматты жобалау жүйелері» мамандығы бойынша оқып, инжинер – жүйе технигі мамандығын алды. Сол жылы 01.02.04 – «Деформацияланатын қатты денелердің механикасы» мамандығы бойынша аспирантураға түсті, және оны 2005 жылы диссертациялық жұмысын қорғап аяқтады. 2002 жылдың қыркүйегінен бастап 2017 жылдың тамызына дейін «Механика» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 2017 жылдың тамызынан бастап «Механика» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы болып жұмыс істейді.

2006 жылы Алматы қаласындағы Механика және машинатану институтында Бакиров М.Ж. «техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. 2011 жылыдың наурыз айында ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен оған «Механика» мамандығы бойынша доцент ғылыми дәрежесі берілді. ЖОО-да жұмыс істеу кезінде ол 40 ғылыми еңбек жариялады.

Ғылыми жұмыстар

Без рубрики