«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы
Мусаев Медғат Муратұлы – PhD, қауымдастырылған профессор.
1990 жылғы 20 қаңтарда туған.
2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 5В071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша бітірген.
2011–2013 жылдары осы университетте 6М071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша магистратурада, ал 2014–2017 жылдары 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша докторантурада білім алды.
2017 жылғы 27 желтоқсанда «Жоғары берікті материалдарды өңдеудің кешенді әдісін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2018 жылғы 13 ақпандағы шешімімен (№246 бұйрық) 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.
2017–2020 жылдары аға оқытушы қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасында доценттің міндетін атқарушы қызметіне ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 14 шілдедегі шешімімен (№339 бұйрық) «Машина жасау» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
М.М. Мусаевтың ғылыми қызметі қиын өңделетін материалдарды өңдеудің ресурсты үнемдейтін технологияларын әзірлеуге және кесу мен қалыптау құралдарының тозуға төзімділігін арттыруға бағытталған. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын гранттық ғылыми жобалардың ғылыми жетекшісі болды, соның ішінде:
• AP08956387 «Фрезерлі-тоқарлық өңдеу технологиясын іске асыру үшін токарлық станок базасында әмбебап құрылғының тәжірибелік үлгісін әзірлеу» (2020–2021 жж.);
• AP19578884 «Шина тесу станоктарының құралдарының тозуға төзімділігін арттыру және конструкциясын жетілдіру» (2023–2025 жж.).
60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде:
3 монография; Web of Science және (немесе) Scopus дерекқорларында индекстелген, CiteScore көрсеткіші бойынша процентилі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 20 мақала; Комитет ұсынған журналдарда жарияланған 12 мақала.
Қазақстан Республикасының 8 патентіне, сондай-ақ авторлық құқық объектілеріне 7 мемлекеттік тіркеу куәлігіне ие.
Scopus дерекқоры бойынша Хирш индексі – 6.
Шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан және ғылыми тағылымдамалардан өткен:
• Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Ресей Федерациясы (2015 ж.);
• Кёмен университеті, Корея Республикасы (2016 ж.);
• Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университеті, Литва Республикасы (2016 ж.);
• Рига техникалық университеті, Латвия Республикасы (2023 ж.).
2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері атанды.
2021 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.