Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – тиімді комплаенс құралы ретінде


29 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің үйлестіруімен, сыбайлас жемқорлыққа бейім факторлар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру шараларын бақылау жөніндегі Жұмыс тобының кездесуі өтті.

Іс-шара барысында әкімшілік басқару және академиялық мәселелер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бақылау және мүдделер қақтығысын анықтау бойынша жүргізілген бақылау жұмыстары қаралды.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылаудың мазмұны және оның ұйымдастырылу және жүзеге асырылу мақсаттарына сәйкестігі талқыланды.

Сонымен қатар, Жұмыс тобының жетекшісі, аппарат басшысы Исагулов А.З. мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Университет басшылығының тұрақты бақылауында екені айқындалды.

Без рубрики