2025 жылғы 20 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті үйлестіру кезінде, Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін, сыбайлас жемқорлық факторлары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру іс-шаралары жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты рәсімдерді нақтылау және ресімдеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тренингтер мен семинарларды тұрақты өткізу, бүкіл университет деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, жұмыс тобының басшысы, ЖОО аппаратының басшысы А.З. Исагулов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-2026 оқу жылына арналған жоспарлы іс-шаралардың бүгінгі күннің шындығын ескере отырып, уақтылы және сапалы орындалуы қажет екендігін атап өтті.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері ЖОО басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өтуіміз қажет.



