«Summer Science School» жазғы лагерінің қатысушылары инженерлік химия және биоинженерия негіздерін зерттеді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында жұмыс істейтін «Summer Science School» жазғы лагерінің төртінші күні инженерлік химия және биоинженерия негіздеріне арналды.

Оқушылар «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасымен, оның пәндік аудиторияларымен және оқу-ғылыми зертханаларымен, сондай-ақ «Биоинженерия» ғылыми-білім беру кешенімен танысты.

Биоинженерия негіздері бойынша дәрістер курсын тыңдаған мектеп оқушылары алғашқы ғылыми тәжірибелерін жүргізді.

Зертханалық практикум аяқталғаннан кейін оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Без рубрики