2025 жылдың 13 мамырында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы — Үрімжі қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» білім көрмесі өтті.
Ауқымды іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен, Орталық Азия мен Қытай елдері білім министрлерінің алғашқы кездесуі және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 9-отырысы аясында ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазақстанның 16 жетекші жоғары оқу орны қатысты. Олардың қатарында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (STU) де бар.
Университет өкілдері шара барысында академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары және шетелдік студенттерге арналған білім алу мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл студенттерге жаңа білім жолдарын ашып, халықаралық тәжірибе жинауға зор мүмкіндік береді.
Шыңжаң – Қытайдың Батысқа шығатын мәдени әрі білім қақпасы ретінде танылған өңір. Сондықтан бұл көрме Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін берді. Сондай-ақ, Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуеті мен артықшылықтарын көрсету арқылы Қытайлық студенттер мен ата-аналардың назарын аудару көзделді.
STU үшін бұл шара – халықаралық беделді арттырып, жаңа білім нарығына шығуға бағытталған маңызды қадам болды. Көрме барысында университеттің ғылыми-зерттеу жетістіктері мен инновациялық жобалары да таныстырылды. Бұл өз кезегінде халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
«Study in Kazakhstan» көрмесінің басты мақсаты – Қазақстанның білім беру саласының халықаралық аренадағы танымалдылығын арттыру және шетелдік студенттерді тарту. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындары заманауи талаптарға сай, сапалы білім беруге толық дайын!
Мамандық таңдау – жарқын болашақтың кепілі! Осы орайда, Saginov Technical University дарынды жастарды сапалы білім алу үшін өз қатарына шақырады.
Біздің мекен-жайымыз:
- Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1
- Маркетинг және кәсіби бағдар беру бөлімі
- Тел.: 8 (7212) 56-78-38, 8-700-395-65-09