Студенттік бизнес-жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!


2022 жылдың 27 қазанында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде» студенттердің бизнес жобалар байқауы өтті. Конкурсқа қатысуға 27 өтінім берілді, оның 11  Сараптамалық кеңестің отырысында қарау үшін іріктелді. Сараптамалық кеңес төрағасы, т.ғ.д., профессор В.С. Портнов құттықтау сөзінде конкурстық өтінімдердің жоғары деңгейін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конкурстық жұмыстарды қарап, қатысушылардың баяндамаларын тыңдап, Сараптау кеңесінің мүшелері келесі шешім қабылдады:

Бірінші дәрежелі диплом:

«Мини powerbank брелок», жоба авторы — РЭТ-19-2 тобының студенті Галимянов И.Р., жоба жетекшісі – ЖБТ кафедрасы меңгерушісінің м.а. Калиаскаров Н.Б.;

Екінші дәрежелі диплом:

«Tips қызметі», жоба авторлары СИБ19-4 және ИС-19-3 топтарының студенттері Мамедова Е.В., Джумабаева К., жоба жетекшісі – АТҚ кафедрасының аға оқытушысы Клюева Е.Г.;

Үшінші дәрежелі диплом:

«Safe Authentificaion Android-кітапханасы», жоба авторы СИБ19-4 тобының студенті Калиев Т.Н., жоба жетекшісі – АТҚ кафедрасының аға оқытушысы Клюева Е.Г.

Без рубрики