Студенттік активтің жыл сайынғы жазғы көшпелі мектебі «Jas Wave 2022»


2022 жылдың 2-4 маусымында Қарқаралы қаласында «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінің базасында «Jas Wave 2022» студенттік активінің жыл сайынғы жазғы көшпелі мектебі өтті!

Кездесуге қатысушылар саны 100 адамнан асқан барлық курстардың студенттері болды. Мектеп аясында студенттермен сертификатталған психолог – Марченко Ксения Сергеевна бірнеше тренингтер өткізді!

Өткізілген іс-шараларда қатысушылар жеке өзін-өзі дамыту, шетелде оқу мүмкіндіктері және тағы басқа пайдалы мағлұматтар бойынша ақпарат алды. Түрлі байқауларға қатыса отырып, олар өздерін әр қырынан көрсете алды, соның ішінде өз креативтілік, тапқырлық, сондай-ақ спорттық әлеуетін көрсетті.

Көшпелі мектеп аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды, сондай-ақ жеңімпаз командалар анықталып, демеушілердің сертификаттарымен марапатталды.

Без рубрики