2026 жылғы 1 ақпаннан бастап КеАҚ «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» әскери кафедрасында оқуға ниет білдірушілерден құжаттар қабылдау басталады.
Әскери кафедрадағы оқу бағдарламалары:
- Запастағы офицерлер – 10 мамандық, оқу мерзімі 2,5 жыл:
— «Жалпыәскерлік бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың ұрыс қимылдарын қолдану»;
— «Танк бөлімшелерінің, бөлімдер мен құрамалардың ұрыс қимылдарын қолдану»;
— «Миномет бөлімшелерінің ұрыс қимылдарын қолдану»;
— «Жерүсті артиллериясы бөлімшелерінің, бөлімдер мен құрамалардың ұрыс қимылдарын қолдану»;
— «Зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерінің, бөлімдер мен құрамалардың ұрыс қимылдарын қолдану»;
— «Құрлық әскерлерінде байланыс қызметін ұйымдастыру»;
— «Құрлық әскерлерін басқаруды автоматтандыруды ұйымдастыру»;
— «Бронетанк техникасын пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру»;
— «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының старттық және технологиялық жабдықтарын пайдалану және жөндеу»;
— «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру».
- Запастағы сержанттар – 6 мамандық, оқу мерзімі 1,5 жыл:
— «Есептоп командирі (76 мм-ден 130 мм-ге дейінгі зеңбіректер)»;
— «Танк командирі»;
— «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының старттық және көтеріп-тасымалдау жабдықтары»;
— «Телефон станциялары мен телефон аппаратурасы»;
— «Бөлімше командирі – миномет командирі»;
— «Шынжыртабанды бронетанк техникасы және оның базасындағы арнайы машиналардың шассилері».
Оқуды аяқтағаннан кейін келесі әскери атақтар беріледі:
- «Запастағы лейтенант»;
- «Запастағы кіші сержант».
Оқытудың артықшылықтары:
- Қосымша мамандық алу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне немесе кез келген күштік құрылымына (ҚР ҚК, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК және т.б.) жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
- Студент қыздарды қабылдау;
- Оқу ақысыз және ақылы негізде жүргізіледі.
- Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік (көшірмесімен);
- 3х4 өлшемдегі фотосурет – 4 дана;
- Соттылықтың болмауы туралы анықтама;
- Факультеті, мамандығы (тобы) және оқу тілі көрсетілген ЖОО-дан анықтама.
Мекенжайы: Қарағанды қ., Юбилейная көшесі, 33, №204 кабинет.
№1 және №5 автобустар, «Әскери кафедра» аялдамасына дейін.
Телефон: 8 (72-12) 30-94-37.
Құжаттар қабылдау уақыты: дүйсенбі–жұма күндері, 9:00–16:30 (үзіліс: 12:00–13:00).
