ҚарТУ-дің Тау-кен факультетінің студенті Марлен Жұмабаев WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық чемпионатында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілігі бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.
Аталған жетістік болашақ мамандардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, алған білімдерінің сапасын, практикалық шеберлігі мен заманауи технологияларға деген қызығушылығын айқын көрсетеді.
Марленді осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы оқуы мен кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз! Бұл жетістік студенттің жеке еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Өндірістік қауіпсіздік және экология кафедрасының жүйелі жұмысының жемісі. Білім алушының кәсіби дамуына бағыт-бағдар беріп, жан-жақты қолдау көрсеткен кураторы Народхан Дашжанды да осы жарқын жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз.